16 сенатор сайланды

Елімізде ҚР Парлементі Сенатының сайлауы аяқталды. Нәтижесінде жаңадан 16 сенатор сайланды. Сайлау заңнама талаптарына сәйкес өткізілді. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бақыт Мелдешов жаңа Сенат депутаттарының есімдерін атады.
«Сайлауда алдын-ала қорытынды бойынша Ақмола облысынан Дәурен Әбілбеков, Ақтөбе облысынан Мұхтар Жұмағазиев, Алматы облысынан Нұрлан Қылышбаев, Атырау облысынан Ғұмар Дүйсембаев, Шығыс Қазақстан облысынан Дүйсенғазы Мусин, Жамбыл облысынан Абдалы Нұралиев, Батыс Қазақстан облысынан Нариман Төреғалиев, Қарағанды облысынан Рысқали Әбдікеров, Қызылорда облысынан Мұрат Бақтиярұлы, Қостанай облысынан Жеңіс Нұрғалиев, Маңғыстау облысынан Бақтыбай Шелпеков, Павлодар облысынан Нұржан Нұрсипатов, Солтүстік Қазақстан облысынан Ерік Сұлтанов, Оңтүстік Қазақстан облысынан Әлімжан Күртаев, Астана қаласынан Еділ Мамытбеков, Алматы қаласынан Динара Нүкетаева депутат болып сайланды», – деді ол.

Комментарии закрыты.