Ортақ іске ой қосайық

«Дін мәселесі біздің рухани байлығымыздың бір парасы болып саналады. Сондықтан, сіздерге артатын жауапкершілік өте үлкен. Біз өзіміздің рухани тамырымызды нығайта отырып, санамызды жаңарту керекпіз. Бұл туралы жақында жарияланған мақаламда айтылды. Патриоттығымыз елдің ішіндегі, сыртындағы тыныштық, болашағымыз болып саналады. Сол болашаққа бәріміз бірігіп, жұмыс істеуіміз керек…».

Бұл Елбасының сөзі. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Президент Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекет тарапынан діни қарым-қатынастарды реттеу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Сондай-ақ, деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу қажеттігіне назар аударды.
«Халқымыздың арасына теріс діни ағымдарды енгізу бізге сырттан ықпал етудің бір тәсілі болып саналады. Соңғы уақытта осындай үрдіс жиі байқалып жатыр. Біз мемлекеттігімізге қауіп төндіретін кез келген құбылыспен күресуге тиіспіз. Сондықтан сіздердің алдарыңызда зор міндеттер тұр», – деді мемлекет басшысы имамдарға арнаған сөзінде.
Елбасы жас ұрпақтың діни сауатсыздығына баса назар аударды.
«Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өкінішке орай, осындай жат ағым жетегінде жүрген жастар біздің қаламызда да көптеп бой көрсете бастады. Оларды дұрыс жолға қалай түсіреміз. Бүгінгі әңгіме осы орайда өрбуі керек. Ой қосыңыздар, оқырман. Сіздердің әрбір әңгіме, пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз бен ой-толғамдарыңыз біздер үшін маңызды. Айтарларыңыз болса қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Шарайна» газеті редакциясының төмендегі электрондық пошталарына ovpsatpayev@mail.ru, sharaina2002@mail.ru жолдап, мына телефондарға: 3-87-02, 3-36-13, 3-47-15 қоңырау шалыңыз.

Комментарии закрыты.