Жігіттер жарады

Әркімге туып-өскен жері бәрінен артық. Ізгі қасиетті бойында сіңірген әр азамат өз аулының өсіп-өркендеуіне, сол арқылы Отанына қызмет етеді. Осындай имандылық адамды алға жетелеп, биік белеске бастайды.

Сарысу ауылы мешітінің көптен жөндеу көрмегені көңілді құлазытып жүретін. Осы ауылдың 1981 жылы дүниеге келген, бүгінде жан-жақта түрлі қызмет атқарып жүрген азаматтары: Ерлан Малдыбаев, Бағлан Мәуленов, Байқоңыр Рысбеков, Жанғазы Жанділдин, Медет Дүйсембеков, Ерсайын Әбдікеров, Абылай Әшенов, Аманжол Айтханов, Ержан Рахымжанов, Мағауия Сейталинов биыл сәуірде мешіттің сыртын жөндеуге жәрдемдесетініне сендірген еді.
Айтылған сөз аяқсыз қалмады. Жігіттер жарады, берген уәдеде тұрды. Жөндеу жұмысы сәуірдің ортасында-ақ басталып кетті. Олар өз ортасынан қаржы шығарып, құрылыс материалын әкеліп, мешіттің күмбезін жөндеді, төбесін ашып-жауып, шатырлап, қасиетті Рамазан айы басталғанға дейін бітірді.
Жанды жадыратар жақсылық жасайтын осындай жомарт азаматтар ортамыздан шыққаны қандай қуанышты. Оларға ауылдастары шексіз алғыс айтады.
Гүлнар Бәкенқызы.

Комментарии закрыты.