Турецкий хоры тегін концерт береді

Алдағы апталарда әйгілі Турецкий хоры Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев және Балқаш қалаларына тегін концерт береді.

Турецкий хорының концерті Қарағанды қаласындағы орталық саябақта 14 шілде күні сағат 19.00 басталады. «Көктем мерекесі» деп аталатын концерттік бағдарламада тыңдармандар қосылып айтатын таңдаулы хит әндер орындалады. Әртістер қазақ тілінде де ән шырқаймыз деп уәде етіп отыр.
Қарағанды қаласынан соң, өнер ұжымы 15 шілдеде Жезқазған қаласына, ал 16 шілде күні Балқаш шаһарына концертін ұсынбақшы. Ал 27 шілдеде Сәтпаев қаласындағы көрерменін туындыларымен сусындатпақшы.
Естеріңізге саламыз, былтыр Турецкий хорының «Көктем мерекесі» концерті Қазақстанның 5 қаласында жоғары деңгейде өткен еді. Өнер ұжымының талантына құрметпен қарайтын жанкүйерлердің сұрауымен олар биыл тағы да еліміздің сахнасына шықты. Бұған дейін әртістер Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Семей, Шымкент қалаларында шығармашылық кештерін өткізді.

Комментарии закрыты.