Нұрлы жол – жаңа серпін

«Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған» деген Нұрсұлтан Әбішұлы оларды жіктеп берді. Солардың ішінде негізгі басымдылықтардың бірі – «Макроэкономикалық тұрақтылық». Елбасының айтуынша, мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіруге және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тартуға бағытталған.

Бұл үшін бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режимін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Екіншіден, еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет. Мұндағы шешуші міндеттің бірі – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу. Елбасы осыған орай бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттігіне назар аудартты. Салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау керек. Осы орайда Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің «Мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді еңгізу туралы» 2017 жылғы 15 ақпандағы № 100 бұйрығымен бекітілген, Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді енгізу бойынша жол картасын (пилоттық жобаны) үлгіге алуға болады. Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру. Мемлекеттік сатып алу жүйесі орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша жүргізілуі керек.

Жолдаудың әр бөлімінде нақты бағыттар мен айқын мақсаттар көрініп тұр. Жалпы, бүгінгі қоғам тым жылдам даму үстінде. Ел Үкіметіне өздерінің шараларын әзірлеп, Жаңа жылдың алғашқы күнінен білек сыбанып іске кірісуіне мүмкіндік беріліп отыр. Осы мүмкіндіктің берілуінен-ақ міндеттердің мейлінше ауыртпалығын байқай аламыз. Баршамыз жұмыла кірісетін ендігі міндет – жолымыздың нұр мен шуаққа бөленуін қамтамасыз ету керек. Жолдау – қоғамның жаңа сатыға көтерілуінің басты негізі, үкілі үміттердің берік тірегі. Бүгінгі жетістіктеріміз осыған дейінгі Жолдау міндеттерінің тиянақты орындалуынан, оның жүзеге асырылуындағы рухани және қаржылық нақты негізділігінен көрініс береді. Сондықтан, жаңа Жолдау қағидаттарын жүзеге асыруда бел шеше, білек сыбана кірісуіміз керек. Өйткені, ашықтық пен сенім бар жерде серпіліс болады.

Мейіржан МұхӘділ,
Сәтбаев қалалық қазынашылық
басқармасының басшысы.

Комментарии закрыты.