Кәсіпкерлерге ескертілді

Сәтбаев қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Шарайна» газетінің 2017 жылғы 23 маусымда шыққан «Батуттарға бақылау қажет» мақаласына орай мынаны хабарлайды:

Бүгінгі күні батуттарды қолдануға, құрастыруға, орналастыруға бекіткен санитарлық талап жоқ. Батуттар аса маңызы нысандар тізіміне енгізілмеген. Сондықтан, басқарма тарапынан әкімдіктің кәсіпкерлік бөліміне батуттарды қолданатын жеке кәсіпкерлерге рұқсат берер алдында қарапайым талаптарды орындауын ескерту тапсырылып, хат жолданды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік бөліммен бірлесе отырып жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, батуттарды таза ұстау, жұмыс соңында, қолдану барысында ылғалды тазарту, залалсыздандыру іс-шараларының орындалуын ескертіп, жаз айларында жұқпалы індеттердің таралмауын, оның алдын алу үшін тазалықты сақтау керектігі түсіндірілді. Жиынға батуттармен жұмыс атқаратын 4 жеке кәсіпкер қатысты.

Батуттарды сатып алу барысында оның сапасын анықтайтын қазіргі заман талабына сай сертификаттың болуы тапсырылды. Әрбір қала тұрғынына қызмет көрсететін жеке кәсіпкер дәрігерлік байқаудан өтетіндігі ескертілді.

Г.Жалмурзина,
қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Комментарии закрыты.