Сыбайластыққа жол жоқ

Қазіргі таңда, біздің елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу үлкен мәселелерінің бірі болып табылады.

Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның ісі екенін түсінуі керек. Бұл ретте қоғамда мәдениет қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитет орнату керек.

Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына кері әсерін тигізіп, бастамалардың бәрін жоққа шығарады. Сонымен қатар, халықтың билікке деген сенімін жояды. Алайда, сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын мәселе емес. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі болатыны айқын.

Жемқорлықты жою – еліміздің фундаменталды құндылығы – Тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі шарттардың бірі. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп, Қазақстанның гулденуіне жағдай жасай алатынымыз анық.

Қазіргі таңда бұл мәселеге еліміздегі мемлекеттік органдар өте үлкен көңіл бөледі. Елімізде жемқорлықпен күресте нақты қадамдар қолға алынуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет кездесуіне байланысты, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесу үшін, қоғам белсенділік танытып, ондай жағдайлар орын алған кезде, мүлдем төзбей, бірден тиісті мемлекеттік органдарға хабарлау қажет етіледі.

Г.Сүлейменова,
Сәтбаев қаласы прокуратурасының
аға прокуроры.

Комментарии закрыты.