Қазақ вальсінің королін еске алды

Жезді кентінде ән әлемінің падишасы, «Қазақ вальсінің королі» атанған халық әртісі, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларына арналған «Ән аға, жан аға, Шәмші аға» атты еске алу кеші өтті.

Ибрагим Исаның сөзіне жазылған Қалдыбек Құрманәлінің көпшілікке таныс «Ән аға» немесе «Шәмшімен сырласу» әнімен шымылдығы түрілген шығармашылық кеште Шәмші Қалдаяқовтың өмірінің әр кезеңдерін бейнелейтін сахналық қойылымдар мен жүрек қылын шертер тамаша әндері көрермен қауымды үлкен әсерге бөледі.
Кешке кенттің сақа әншілері мен өнер көгіне қанат қаққан жас өрендері өздерінің сүбелі үлестерін қосты. Сөйтіп, тіршілік тауқыметі титықтатқан ауыл жұртшылығын ән падишасына арналған тамаша кеш бір серпілтіп тастады.

Комментарии закрыты.