Тұрмыстық зорлықтың алдын алу – «Шағын мемлекетті» сақтаудың кепілі

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасын, соның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылық фактілеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында Бас прокуратурамен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы іске асырылуда.

Жобаның міндеті тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша тиімді, кешенді тетіктерді дайындау, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтарды төмендету болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерінің негізгі себептері тұрмыстық ұрыс-керіс, қолайсыз материалдық жағдай, қызғаныш, отбасындағы теріс психологиялық климат, басқалардың мүдделерін елемеу болып табылады. Көбінесе құқық бұзушылықтар кешкі уақытта жасалады.

Іс жүзінде зорлық-зомбылық әр жағдайда ішімдік ішуден болады және статистика аталған даулардың жиі денсаулыққа зиян келтірумен аяқталатынын көрсетеді.

Сондықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының әдістерін міндеттері адам мен азаматтың конституциялық  құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылатын психологтармен және басқа да мемлекеттік органдар мен мекемелердің субъектілерімен біріге отырып шоғырландырып қолдану қажет деп санаймыз.

Отбасы – шағын мемлекет. Біздің қоғамымыздың негізгі құндылығы ана мен бала, отбасы болып табылады. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N214-IV Заңына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сәйкес неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз не?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Тұрмыстық зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде білінеді.

Ел өміріндегі өзекті мәсе­лелердің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық. Құқық қорғау органдарында оған қарсы күрес жүргізетін арнайы бөлімдер жұмыс істейді. Қалыпты өмір ырғағын бұзатын жағымсыз әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылатынын әркімнің білуі маңызды.

Ж.Дауылбаева,
Сәтбаев қалалық сотының
кеңсе жетекші маманы.

Комментарии закрыты.