Жол жөндеу жұмыстарын тексерді

Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен келген Қарағанды облысырың әкімі Ерлан Қошанов өзінің орынбасарлары мен басқарма басшыларына жол сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды, ал алақол мердігерлерді қара тізімге жіберетінін айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз орталығы.

Биылғы жылы Жезқазғанда жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге жол жөндеу жұмыстар жүргізіледі. Олардың қатарына жол қабатын, жол өтпелерін ағымдық және орташа жөндеуден өткізу, теміржол саласын, авиабаланысты дамыту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету енеді.
Жұмыс барысында Қарағанды-Жезқазған бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың 156 шақырымы жөндеуден өткізілуде. Облыстық маңызы бар Жезқазған және Сәтпаев қалалары арасындағы, әуежайға апаратын жолдарда орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыстық бюджет трансферттері есебінен Жезқазғанның негізгі орталық №5, №6 жол өтпелерінің 14 шақырымы орташа жөндеуден өткізіліп жатыр. Сонымен қатар 9 орамаралық жолдар қала бюджеті есебінен жөнделуде.

Аймақ басшысы кей учаскілердегі жөндеу жұмыстарын өз көзімен көріп қайтты. Әкім 6 жол учаскілерінде тендер ұтып алған «КазТрансЭнерго» мердігер ұйымның жұмысына наразылығын білдірді. Ерлан Қошанов өзінің орынбасарларына, басқарма басшыларына және Жезқазған қаласының әкіміне жасалып жатқан жұмыстарды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
– Тағы бір мәрте материалдардың сапасын тексеріңіздер, – деп тапсырды облыс әкімі. – Менің білуімше бұл мекеме 6 мың шаршы метр аумақты қайта жөндеуге мәжбүрленген. Қажет болса қайта жөндесін. Асфальттың үлгісін алыңыздар. Сонан соң кеш болмасын. Ол үлгілерді Алматыға, тәуелсіз зертханаларға жіберіңіздер. Қатаң бақылау қажет.

Комментарии закрыты.