Жарты жылдық қорытынды шығарылды

Аптаның басында Ұлытау аудандық сотының төрағасы І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
«Дидар» телеарнасының баспасөз орталығында өткен бұл конференцияға аумағымыздағы БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз конференциясында сот төрағасы С.Сағатов сот жұмысының басты статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды. Оның айтуынша есептік кезеңде 62 азаматтық, 75 әкімшілік және 9 қылмыстық істер қаралған. Қайтарылған және қараусыз қалдырылған талап арыздар саны айтарлықтай азайтылды. Есептік кезеңде сырттай шешімдер шығарылған жоқ. Медиациялық жолмен 3 азаматтық, 1 қылмыстық іс қаралған. Биылғы жылдың І жарты жылдығында тергеу судьясы 21 өтініш қараса, өткен жылдың бірінші жарты жылдығында 17 өтініш қаралған. Сот төрағасы соттың І жарты жылдықтағы жоспарына сәйкес, селолық округтердің тұрғындарымен 11 кездесу өткізді.
С.Сағатов аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыруда сапаны арттыруға, істерді қарау мерзімін сақтауға, сот отырысының уақытылы басталуы мен сот актілерінің уақытылы берілуі және бітімгершілік және партисипативтік рәсімдерді қолдану аясын кеңейтуге, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударатынын айтты.
Баспасөз конференциясында сот төрағасы журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.