20 отбасы баспаналы болды

Қаламыздағы жаңадан бой көтеріп жатқан «Нұрлы мекен» ықшам ауданындағы тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға берілуде. Өткен аптада Абай көшесі 9/3-інші үй 20 пәтердің кілті өз иелеріне табысталды.

Салтанатты шараға қала тұрғындары мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты. Мерекелік жиын барысында сөз алған қала әкімінің орынбасарлары Болатбек Жақсыбаев пен Сұлтан Нарботаев жаңа пәтер иелерін қоныс тойымен құттықтады.

– «Нұрлы мекен» ықшам ауданында 40-қа тарта баспана салынуда. Бүгін, міне кезекті үйдің құрылысы бітіп, сіздерге табыстап отырмыз. Қоныстарыңыз құтты болсын», – деді Болатбек Дүйсенбекұлы.

Айта кету керек, аталған ықшам ауданның құрылысы Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданының 2012-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарына сай жүзеге асырылып отыр.

Нұрлат Қонысбай.
Суретті түсірген Е.Ванюшов

Комментарии закрыты.