Балаларға қамқорлық – баршаның ісі

Жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде. Осы акция аясында мектебімізде «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындау, көмек көрсету мақсатында іс-шара басталды.

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» деп, қайырымсыз адамның қадірі де болмайтынын айтады. Әлеуметтік жағдайына байланысты кейбір отбасының балаларына көмек көрсету азаматтық деп білеміз. Осы орайда, №16 жалпы орта білім беретін мектебі қайырымды да қалталы азаматтарды акцияға атсалысуға шақырады. Қолдан келгенше көмектеседі деген сенімдеміз.

М.Мұқышева,
әлеуметтік педагог.

Комментарии закрыты.