Тағылымы мол бағдарлама

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасының үштен бір бөлігі тікелей жастарға бағытталған. «Жастар – үкілі үміт, асқақ армандарымыздың жарқын көрінісі», – дейді Елбасымыз.

Шын мәнінде жастар еліміздің әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Шын мәнінде жастар еліміздің әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Жастар «Туған жер» бағдарламасын қолдайды. Өйткені, барша жастар өз елінің тарихы, түп қазығы туралы толық біліп, бағалап өскендерін қалайды. Осы тұрғыдан келгенде «Туған жер» жас ұрпақтың елге деген махаббатын арттырып қана қоймай, оны әлемге танытуға да зор мүмкіндік туғызады. Сондықтан әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Елбасы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасы жан-жақты дайындалып, тиімді жүзеге асырылатын болса, ол әлбетте, қоғамда жаңа рухани дәстүрді қалыптастырады және келешекте әуелі елім дейтін, нағыз отаншыл, ұлтжанды, бәсекеге қабілетті ұрпақтың өсіп-жетілуіне ықпал етеді. Бұл жолда әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. «Туған жер» бағдарламасына біздің шағын, бірақ күннен-күнге өсіп, дамып келе жатқан қаламыз – Сәтбаев қаласының жастары да өздерінің сүбелі үлестерін қосып жатыр.

Дәулет Сейтпеков, Сәтбаев қалалық жастар мәслихатының хатшысы.

Комментарии закрыты.