Баршамыздың ортақ борышымыз

Қазақстан бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның алдын алу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының борышы.

Жемқорлық сияқты індетпен күресті насихаттау мақсатында №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасында ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі қазақ тілі маманы Б.Манасбаева ұйымдастырған «Ешкі қалай жемқорлыққа кезікті» атты сахналық қойылым. Бүлдіршіндерді адамгершілік қағидаларын сақтауға, әдептілікке үйретуге бағытталған бұл қойылымға балабақша тәрбиеленушілері де белсене қатысты.
Қойылымның ұзын ырғасы түрлі кедергілерге кездескен ешкіге көмектесудің орнына пара алғысы келген орман аңдарының әрекетіне негізделген. Дегенмен де олардың арасында жүрегі мейірімге толы, қандай жағдай болса да қол ұшын беруге дайын тұратын кірпі, қоян сияқты шыншыл кейіпкерлер де бар. Жалпы, ертегі қойылымының негізгі мақсаты – бала бойына қоғамға зиян келтіретін кері құбылыстарға баға бере білу дағдыларын қалыптастыру, ертегі жағдаяттарын түсініп, нәтиже жасай білуге ықпал ету. Ертегідегі аңдардың жақсы істері, жағымды кейіпкерлердің достық қасиеті, балалардың жүрегін ризашылыққа, қуанышқа кенелтті.
Осындай іс-шаралар арқылы балаларды еңбекке, татулыққа, адамгершілікке тәрбиелеп, жағымды, жағымсыз әрекеттерді сезіне білуге, достықты бағалай білуге үйретудеміз.
Көрнекі педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады» дейді. Демек шәкіртке жан- жақты білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпалы зор.

Ж.Кунпеисова.
№5 «Нұрбөбек» балабақшасының әдіскері.

Комментарии закрыты.