«Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!»

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізілетін дәстүрлі «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы биыл осындай ұранмен өткізілуде. Оған Сәтбаев қаласының білім беру мекемелері мен жалпы тұрғындары үн қосып отыр.

Елімізде жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі. Оның басты мақсаты – аз қамтылған отбасы балаларының оқу жылына мүлтіксіз дайындалуына, барлық оқу-құрал жабдықтарының жеткілікті болуына ықпал ету.
Биыл тоғызыншы рет өткізіліп отырған бұл акция аясында Абай атындағы №4 мектеп-лицейі мен №3 орта мектебінде де көптеген жұмыстар жүргізілуде. Осы шара бойынша шілде-қыркүйек айларында насихат жұмыстары белсенді жүргізілді. Жұмыстарымыз жақсы нәтиже көрсетті. «Жақсының шарапаты тиер тар жерде» демекші көптеген жүрегі жылы жандар қолдарынан келгенше көмектерін көрсетуде. Осындай жүрегі таза, ниеті түзу адамдардың арқасында біздің болашағымыз жарқын болары анық. Барлық балалардың  мектепке жол табуына көмектесейік!

Ж.Ашабекова, «Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогы.
А.Балаева, № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы.

Комментарии закрыты.