Жастар кеші жұртшылыққа қуаныш сыйлады

Жастар – кемелді келешектің көрінісі. Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын оларға артылған міндет те орасан. Биік арман, үлкен мақсат, таудай талап, жаңа жоспарлар, тың идеялар сол жастардың еншісінде. Осы қасиеттерді бойына сіңіре білген әрбір жас белсенділігімен еліне қалтқысыз қызмет ете алады.

Өткен аптаның сенбі кеші өзге кештерге қарағанда тосын әрі қызықты өтті. Кеншілер алаңына ағылған тұрғындардың дені жастар болды. Өйткені, бұл кеш жоғарыда айтылғандай жалын жүректі жастарға арналды.
Кеш барысында көпшіліктің назарына «Біз – жасампаз жастармыз» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Қаламыздың үздік өнер иелері қатысқан шара жастар бастамашылдығының арқасында ұйымдастырылғанын атап өтуге болады. Атсалысқан қатысушылардың басым көпшілігі жастар. Әуезді ән, әсерлі би тұрғындардың көңілін бір серпілтіп тастады. Тіпті балалардың сүйікті мультфильм кейіпкерлері де осы жерден табылды. Мульт­кейіпкерлер флеш-моб өткізіп, жұртшылық олармен естелік суретке түсті. Іс-шара соңы күллі қала жұртшылығына арналған би кешіне ұласты.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген Е.Ванюшов.

Комментарии закрыты.