Елбасы белгілеген басымдықтар заң тұрғысынан қолдау табады

Мәжілістің пленарлық отырысында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин үшінші сессияның ашылуында Президенттің депутаттық корпусқа қойған міндеттеріне баса назар аударды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Барлық айтылған міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ, Мемлекет басшысының стратегиялық курсын заңнамалық қолдауды қамтамасыз етуде Үкіметтен ұсынылған, сондай-ақ, өзіміздің әріптес-депутаттардың бастамасымен әзірленетін заң жобаларымен жұмысты жүйелі және сапалы түрде жалғастыруымыз қажет», — деді Н. Нығматулин.

Осыған орай, палата төрағасы Мәжіліске енгізілген «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Кедендік реттеу туралы Кодексінің жобаларына тоқталды.
«Кодекс жобасымен жұмыс істегенде біз Елбасы белгілеген басымдықтарды басшылыққа алуымыз керек. Ол кедендік рәсімдерді қысқарту, «бір терезе» әдісін қолдану, электрондық декларация жүйесін дамыту негізінде сұралатын құжаттардың санын қысқарту туралы», — деп толықтырды төраға.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, жақын арада жоспарлы түрде Үкіметтен түсетін Салық туралы басқа да міндетті төлемдер бойынша Кодеск жобасымен жұмыста осындай әдісті басшылыққа алу қажет.
Сонымен қоса, Мәжіліс төрағасы заң жобаларымен жұмыста әдеттегідей ашық талқылау алаңында өтетініне сенім білдірді.

Комментарии закрыты.