Сотқа дейінгі пробацияны кеңінен қолдану туралы

Баршаға белгілі, 2017 жылдан бастап, 30.12.2016 жылғы Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңы күшіне еніп, қолданылуда.

Осы Заңның 13 бабында сотқа дейінгі пробация мынадай күдіктілерге, айыпталушыларға: яғни: кәмелетке толмағандарға; мүгедектерге; әйелдерге; елу сегіз жастағы және одан асқан әйелдерге; жүкті әйелдерге; үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге; ерлерге: алпыс үш жастағы және одан асқан ерлерге; үш жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтiн ерлерге қатысты ерікті негізде қолданылады.
Атап көрсетсек, сотқа дейінгі пробация әлеуметтік-құқықтық көмектен тұрады және ол жеке бағдарлама негізінде іске асырылады. Әлеуметтік-құқықтық көмек – пробацияны жүзеге асыратын субъектілер әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде іске асыратын, өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосуға, әлеуметтік бейімдеуге және оңалтуға бағытталған шаралар кешені.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету: медициналық көмек алу;  орта білім алу; кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру);  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; психологиялық демеуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу, тараптардың өзара келісуі жағдайында отбасылық және өзге де әлеуметтік-жағымды байланыстарды қалпына келтіруге көмектесуді қамтитын әлеуметтік байланыстарды қолдау жүйесін қалпына келтіру және қалыптастыру; келу орнымен қамтамасыз ету;  оңалту іс-шараларын ұйымдастыру; мәдени іс-шараларға қатысуға тарту; әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етуден тұрады.
Пробация қызметі жоғарғы санаттағы адамға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта қала прокуратурасымен жоғарғы санаттағы адамдарға қатысты қылмыстық істер бойынша жергілікті пробация қызметіне, қалалық ІІБ-нің тергеу және анықтау бөлімдеріне бірігіп сотқа дейінгі пробация қолданылуды қамтамасыз ету үшін тапсырма берілген.
Сотқа дейінгі пробация қолдану кезінде пробация қызметі күдіктіге, айыпталушыға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіп, осы тұлғаның жүріс-тұрысын, қайтадан жаңадан қылмыс жасауын болдырмау жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады.
Пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы нәтижесімен сот талқылауы басталғанға дейін сотқа дейінгі пробация қолданылатын адамға ұсынылатын сотқа дейінгі баяндаманы жасап, жолдайды. Аталған санаттағы адам сотқа дейінгі баяндаманы дайындауға қатыса алады және оның мазмұны бойынша сотқа дейінгі баяндамада көрсетілуге тиіс өз пікірін айта алады.

М. Әбікенов,
Сәтбаев қаласы прокуратурасының
прокуроры.

Комментарии закрыты.