Аспан астындағы ашық есік күні

Өткен аптада қаламыздағы оқушылар сарайында оқу жылының басталуына орай ашық есік күні өткізілді. Мерекелік шара барысында өнер ордасының тәлімгерлері жиналған жұртшылыққа өнерлерін көрсетті.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша өткізілетін шараға жиналғандар саны көп болды. Олардың қарасын қаламыздың барлық мектеп оқушылары мен олардың ұстаздары құраған. Жасөспірімдердің білім-ғылымға, өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген ашық есік күні оқушылар сарайының алаңында өткізілді. Білім ордаларының оқушылары аталған өнер ошағының тәлімгерлерінің ұйымдастырған концерттік бағдарламасына куә болды. Ән айтылып, би биленді. Көрнекі қойылымдар қойылды. Оқу жылының басталуымен құттықтаған оқушылар сарайының педагог мамандары жиын соңында қызығушылық танытқан оқушыларға өз үйірмелерін таныстыруға кірісіп кетті. Айта кету керек, бүгінде оқушылар сарайында 36 үйірме жұмыс жасайды. Вокал, бейнелеу шығармашалығы, хореография, интеллектуалдық бағыттары бойынша 6 жастан бастап қабылдайды.

Нұрлат Қонысбай.

Комментарии закрыты.