Қарияға құрмет көрсетті

«Қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіңде қауқары қайтып, сақал-шашы ағарған кісіге ізет қыл». Бұл – ХІІ ғасырда өмір сүрген парсылық ақын – Фарид-ад-дин Аттардың сөзі. Қазақша айтқанда «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» деген сөз…

Үлкенді құрметтеу біздің халқымыздың қанына сіңген қасиеті. Себебі қарттар – біздің еліміздің алтын діңгегі. Асыл қазынамыз болған қариялардың қоғамнан, өмірден қуаныш пен жақсылық күтетіні сөзсіз. Өкініштісі сол, арамызда тағдырдың тәлкегімен жалғыз қалған қариялар да бар. Қарттар күні қарсаңында біз С.Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі пәні мұғалімі С.Базылбек екеу­міз 6 «А» сынып оқушыларын ертіп қала тұрғыны, жалғызбасты қарт әже Нағима Қойшыбаева апайдың үйіне барып, қал-жағдайын біліп, азық-түлік апарып, көмек көрсетіп қайттық. Оқушылар жүрекжарды тілектерін айтып, өз ниеттерін білдірді. Нағима әжейдің жүзіне қуаныш үйіріліп, бір жасап қалды. «Біздің елдің болашақтары осы жастар ғой, әр басқан қадамдарыңа нұр бітіп, өмірлерің жақсылыққа толы болсын» – деген аналық ақ тілегін де жеткізді Әжей, жанары жасқа толып.

Перизат Сұлтанғалиева,
С.Сейфуллин атындағы гимназияның аға тәлімгері.

Комментарии закрыты.