Жаңа жоба ұсынылды

Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды. Онда бұған дейін диграфпен белгіленген қазақтың төл дыбыстары дәйекшелер арқылы белгіленген. Естеріңізде болса, бұған дейін ұсынылған әліпбиде қазақтың ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, қатарлы әріптері диграфтармен таңбаланып, оған қоғам өкілдері мен тіл мамандарының басым көпшілігі келіспеген болатын.

 

Комментарии закрыты.