Латын әліпбиі талқыланды

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру мәселесіне арналған «Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби» атты дөңгелек үстел өтті.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керек екендігін айтып өткен болатын. Қазіргі таңда осы тақырып дәйекті түрде айтылып та, жазылып та жатыр. Осыған орай дөңгелек үстелге қатысушылар назарына Елбасының мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру мәселесі жөніндегі мәлімдемесі жайлы бейнесюжет ұсынылды. Сондай-ақ, іс-шара қонақтары латын әліпбиінде жазылған құжаттар мен жазбалар қойылған «Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар» атты көрмесін тамашалады.

Кездесудің алғы сөзін алған музей басшысы Раушан Қапарова латын әліпбиі жайлы сөз қозғады.

Дөңгелек үстелге қаламызға белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының қызметкерлері, музей ішінен құрылған Ғылыми кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, тарихшылар, қаламыздағы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері жиналды.

Жезқазған қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Каженова, өлкетанушы, журналист, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Сағындық Қожамсейітов, «Ұлытау қыздары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рақыш Нәшкенқызы, Жезқазған қалалық мәслихат депутаты Хансейіт Бөлен, «Сарыарқа» газетінің директоры-редакторы Дархан Мұқанов шараға қатысып, елімізде терең мағынада талқыланып жатқан тақырып жайында өз ойларын ортаға салды.

Комментарии закрыты.