Заманауи ақпарат тілі

Қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру мәселесі – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір маңызды бастамаларының бірі. Бұл жаңалық еліміздің одан әрі дамуына, алға жылжуына зор ықпалын тигізері сөзсіз.

Жаңалықтардан Елбасының Ақордада мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдағанын білдік. Кездесу барысында Елбасына қоғамдық талқылау кезінде келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылыпты. Әрине, қоғам болған соң әрбір жаңашылдық, әрбір өзгеріс дұрыс қабылдана бермейді. Көпшілігі жаңа әліпбиді түсінбеуі де мүмкін. Бірақ, қазіргі интернет, цифрландыру, модернизация заманында латын әліпбиін үйрену менің ойымша көп қиындық туғызбайды. Болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы үшін Мемлекет басшысының осы бастамасына барлығымыз қолдау білдіруіміз керек.
Осындай өркениетті шешімнен біз ұтпасақ, ұтылмаймыз! Ең алдымен, тіліміздің таза қалпын сақтаймыз, басы артық таңбалардан құтыламыз. Мен тіл жанашыры ретінде ұсынылған жаңа әліпбиді қолдаймын.

Майра Жаппасбаева,
еңбек ардагері.

Комментарии закрыты.