Жаза жеңілдетілмек

Депутаттар елеусіз құқық бұзушылық үшін жазадан босату туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды 24.kz сайтының тілшілері.

Әкімшілік-деликтілік заңнаманы ізгілендіру, жекелеген іс жүргізу институттарын жетілдіру, кодекстің рәсімдік және процестік нормаларын жүйеге келтіру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар осы мақсатты көздейді. Онда әкімшілік айыппұлдың мөлшерін 30 пайызға дейін қысқарту, істі ауырлататын  жайлар болмаса, ескерту жасаумен шектелу сияқты нормалар да қарастырылады.

Депутаттар  елеусіз құқық бұзушылық үшін жазадан босату туралы  ұсынысты қолдады. Сондай-ақ, заң жобасын талқылау барысында айыппұл мөлшерін азайтумен қатар, салық қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап 2 ай өткен соң әкімшілік жауапқа тарту, әкімшілік қамауға алу мерзімі, сонымен қатар бизнеске әкімшілік қысымды азайтуға қатысты пікірлер айтылды.

– Мемлекет басшысы азаматтарға және бизнеске әкімшілік қысымды азайтуды және әкімшілік кодекске тиісті өзгерістерді қабылдауды тапсырған болатын. Сондықтан, біз әкімшілік жазаның дербес түрі ретінде ескертуге айрықша көңіл бөлуге тиіспіз. Халықаралық тәжірибеде осы бағыт даму үстінде, – дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева.

Комментарии закрыты.