Қамқоршылар күнін атап өтті

Өткен аптада Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогы Ж.Ашабекованың мұрындық болуымен «Адам өміріне айырықша қамқорлық» атты айшықты шара болып өтті. Ол Қамқоршылар күні шеңберінде ұйымдастырылды.

Орайы келгенде айта кетейік, 2010 жылдан бастап қазан айының соңғы жексенбісі Қамқоршы күні болып аталып өтуде. Бұл атаулы күн қамқоршылар мен олардың отбасында ата-ана жылуын тапқан жетім балалар үшін қайырымдылық шара болып табылады. Сондықтан да оның басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Шара барысында мектеп директоры Гүлмира Жаппасова жетім балаларға қамқоршы болып жүрген ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, жауапты істі қолға алған оларға алғыс айтып, мықты денсаулық тілеп, алғыс хат және сый-сыяпат табыс етті.
Айшықты шарада мектептің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік концерт соңында қамқоршылар ризашылықтарын білдіріп, мектеп басшысына алғысын айтты.

Аманкелді Ақшал.

Комментарии закрыты.