«Күз – мерекем, күз – берекем»

Қазан айының аяғында Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде үш күн қатарынан «Күз аруы» байқауы өткізіліп, оған 7-8 сыныптардың оқушылары қатысты.

Алғашқы күні өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша 8 сыныптар арасында «Күз аруы – 2017» болып Шахризада Болат танылды. Жүлделі І орынды Оспанғали Малика жеңіп алса, ІІ орынды – Мейрамбекова Меруерт, ІІІ орынды Латутина Екатерина иеленді.
Байқаудың келесі күні 9-11 сыныптардың арасында Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында күзгі бал өтті. Бұл іс-шараға мектебіміздің қазақ және орыс тілінде оқитын сыныптары қатысты. Байқау кезеңдері екі бөлімнен тұрды: «Менің сүйікті ісім» және «Сыныптан ән-шашу».
Қазылар алқасының құрамында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі жетекшілері А.Мурзаконурова, С.Сейтжаппарова және мектебіміздің инспекторы Ж.Омарова болды. Кеш жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың өнерлері әділ бағаланды. Қорытындысында, 11«А» сыныбының оқушысы Дүйсенова Камила өзінің ерекше өнерімен бас жүлдені ұтып алып, кештің ханшайымы атанды.
Қатысушылардың барлығы Алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Мерекелік кеш соңғы күні мектептің акт залында жалғасты. Бұл күні сайысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 16 қатысушының ішінде ерекше қабілетімен көзге түсіп, «Күз аруы – 2017» атағына Тембаева Диана лайық деп танылды. Сонымен қатар, бірқатар оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
М.Қыпшақова,
мектеп аудармашысы.

Комментарии закрыты.