«Күз аруы – 2017» Оқушылар сарайында

Аталмыш байқау қаламыздағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері арасында өткен аптада ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың күзгі демалыс уақытын тиімді пайдалану, оларды парасаттылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, жас ұрпақты ізденімпаздыққа, мәдениеттілікке баулып, оларға күз мезгілінің кереметін ұғындыру болды.
Байқау қатысушылары «Таныстыру», «Өз өнері», «Күзгі сый» және «Сән үлгісі» кезеңдері бойынша бақ сынасып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде І орынға, яғни «Күз аруы – 2017» атағына Дильназ Жайлаубек лайық деп танылды. Сондай-ақ, ІІ орынды – Меруерт Өтемисова, ал ІІІ орынды Дильназ Ахметова иеленді.
Қатысушыларға Оқушылар сарайының арнайы дайындаған дипломдары мен естелік сыйлықтары табысталды.

И.Үсембаева,
ұстаз-ұйымдастырушы.

Комментарии закрыты.