Сыбайластықпен күрес – бүгінгі күн талабы

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоятын, бастамалар мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін кесел. Сондықтан да мемлекет саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын сыбайлас жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығы жоғары болуы тиіс. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық азаматтардың борышы.

Г.Бертаева,
№ 2 Балалар музыка мектебінің домбыра пәні оқытушысы.

Комментарии закрыты.