Елбасы күніне арналды

Жақында қаламыздағы Достық үйінде «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған «Ақ әжелер» ансамблі өзінің шығармашылық кешін өткізді. Бұл іс-шара Қазақстан халқы үшін ерекше мереке – Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды.

«Елбасы сенімі – ел сенімі» деген атпен өткен кешке Аналар кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың және этно-мәдени орталықтардың өкілдері, мектеп оқушылары қатысты.

Салтанатты мерекенің шымылдығын ақын Гүлнар Өтеміс өзінің «Ел тірегі» атты өлең жолдарымен ашып берді.

Алғашқы сөз кезегін алған Аналар кеңесінің төрайымы Марал Мәдиева жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, «Қазақ тілі» қоғамының мәдени-саяси өмірге қосқан үлесі үшін бірлестік төрайымы Мәуия Бекмағанбетқызына қала әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Өз тарапынан ақын М.Бекмағанбетова бірлестіктің атқарған жұмысы жайында баяндап, мерекеге арналған жүрекжарды өлеңін оқыды.

Одан әрі көрермендер «Ақ әжелер» ансамблі дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Олар орындаған «Қазақ елі», «Сәулем-ай», «Қазақы дастарханым», «Атамекен» атты әндер тыңдармандардың көңілінен шықты. Шығармашылық кештің әсерлі де жан-жақты өтуіне «Шындық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдолла Дастанов, «Дуслық» татар-башқұрт этно-мәдени орталығының мүшелері, жергілікті өнерпаздар да өзіндік үлестерін қосты.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.