Адалдық – адамгершіліктің биік шыңы

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы былтырғы жылы қабылданды.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында №27 мектепте оқу жылына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жылдық жоспары бекітіліп, осы стратегияны іске асыру барысында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жоспардың негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, оған қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Еліміздің әрбір азаматының ертеңгі күнге деген сенімін арттыру мақсатында тарих пәні ұстаздарының ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Сыбайластық жемқорлық – ғасыр індеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мектебіміздің ұлағатты ұстазы Құлманов Жұмағали ағай келешекте сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, жемқорлыққа жағдай туғызатын жағдайларға жол бермеу керек сынды парасатты ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқушылар назарына деректі фильмдер мен әлеуметтік бейнероликтер ұсынылды.
Адалдық – адамгершіліктің ең биік шыңы. Ол кез-келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес жүргізу аясында жүргізілетін мектебіміздегі игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, әрі мектеп ұжымы қоғам дамуының жаңа жолын қалыптастыруға атсалысады.

Б.Шукенова,
№27 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.