«Білімді ұрпақ – жарқын болашақ»

Жуырда №9 жалпы орта білім беретін мектепте осындай тақырыппен гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі өтті.

Онкүндік аясында «Біз біргеміз, берік болсын іргеміз» атты тренинг, «Қалалар мен елдерге саяхат» атты сабақтар, «Тәуелсіздік – бабалардан қалған мұра» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Елбасы мен Елорда – егіз ұғым» эссе сайысы, «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой» сөзжұмбақ, ребус сайыстары, «Менің досым», «Самый полезный вид спорта», «Қола дәуірі» атты сыныптан тыс сабақтар,«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойындары ұйымдастырылды.

Бұл сабақтарға оқушылар белсене қатысты. Себебі, онкүндікке қатысқан әр пән мұғалімдері әр түрлі әдіс-тәсілдер, заманауи технологияларды қолданып сабақтарды қызықты өткізе білді және әр оқушының ерекше болмысы мен тұлғалық дамуына жағдайлар жасады. Іс-шараларды өткізу барысында топпен жұмыс, оқушының ой-өрісін, тілін, шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстар кеңінен жүргізілді.

Онкүндікте өткізілген барлық шараларды қорытындылау мақсатында мерекелік салтанатты жиын ұйымдастырылып, мектеп басшысы Райхан Бапанова онкүндіктің жоғары деңгейде өткендігін айта келе, озық ойлы оқушыларды Мақтау қағаздарымен марапаттап, белсене қатысқандарға Алғыс хаттар тапсырды.

Гүлжан Айтмағанбетова.

Комментарии закрыты.