Бюджет жобасы талқыланды

Дүйсенбі күні қалалық әкімдікте қалалық Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда Сәтбаев қаласының алдағы үш жылға белгіленген бюджет жобасы талқыланды…

Отырысты қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Марал Мәдиева ашып, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Сәкеев алдағы жылдарға белгіленген қалалық бюджеттің жобасымен таныстырды.

Ербол Хамитұлы өз баяндамасында алдағы үш жылға арналған бюджет жобасы Қазақстан Республика­сының Бюджет кодексіне, жергілікті бюджеттерді әзірлеу ереже­сіне сәйкес әзірленіп, дайын­далғандығын жеткізді. Одан кейін кеншілер қаласының биылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайында қыс­қаша сөз қозғады. Содан соң баяндамашы Қоғамдық кеңес мүшелеріне алдағы үш жылға арналған бюджеттің жобасын таныстырды. Онда әлеуметтік салаға бөлінген қаржы көлемі де айтылды. Са­лық түсімдері де сөз болды. Тазалық жұмыстарына да ерекше мән беріліп отырғаны баян­далды. Қысқасы, отырыста үш жылға арналған бюджет жобасы кеңірек сарапқа салынды. Кеңес мүшелері баяндамашыға бюджет жобасына қатысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Сонымен бірге, Қоғамдық кеңес мүшелері «жыры бітпейтін жобаларға» бөлінген қаржыларды қайыра қарауды сұрады. Кейбір өзекті мәселелерге қосымша қаржы бөлуді де еске салды.

Кеңес төрағасы отырыс барысында қозғалған мәселелер мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ескертпелерді жинақтап, қала әкімінің назарына ұсынылатын болып келісілді.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.