Жүйелі жоспар бар

Еліміздің өзге да аймақтарындағыдай Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақтылы іс-қимыл шаралары жасалуда.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында бөлім басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі және 8(71063) 3-31-76 «сенім телефоны», saulet-satpev.gov.kz. бөлімнің электронды мекен-жайы жарияланған.
2017 жылдың төртінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында  бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. Нақты айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген іс-шаралар орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Сәтбаев қаласында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, ол Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Бекітілген жоспар бойынша белгіленген шаралар толығымен жүзеге асырылды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылдың 6 қазанында тұрғындарға арналған «Ашық есік күні» өткізіліп, онда халыққа қызмет көрсету аясындағы әртүрлі сұрақтар бойынша мәселелер көтеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде «Меншік иесімен салынған нысанды пайдалануға беру, қабылдау туралы актілері», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру», Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «техникалық шарттарды ұсыну», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» сияқты тұрғындарды жиі толғандыратын мәселелер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді түсіндіріп, олардың жүзеге асу жолдары талқыланды.
Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру, алдын алу және болдырмау мақсатында құқықтық оқулар өткізу мақсатында бөлім қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және құқықтық деңгейін арттыру бағытында өткізілетін құқықтық оқудың жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында 6 дәріс өткізілді.

Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жаман әдеттің алдын алу мақсатында жасалған жүйелі жоспар бар.

Ф.Ильясова,
бөлім басшысының м.а.

Комментарии закрыты.