Дамудың тың серпіні

Қаңтар айының 10 күні Елбасы Н.Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл маңызды саяси құжатта Президент бірқатар айқындалған міндеттер тізбегін жалпы жұртқа жеткізді. Нақтыланған 10 міндеттің барлығы еңбек қоғамын өркендетуге бағытталғаны сөзсіз. Елбасы әлемнің дамыған 30 елдің қатарына жеделдетіп кіру тарихи мүмкіндік болып тұрғанын жеткізді.

Өндіріс революциясының жаңа дәуіріне қадам басқан адамзат заманауи технологияны жедел түрде меңгеріп кетуі үшін Ұлт көшбасшысы ұсынған негізгі міндеттерді орындауға кірісу керек. Өткен жылдағы жеткен жетістіктердің өзі ағымдағы жылда жаңа межеге өтуге қадам басуды талап етіп отырғаны айқын.
Негізгі міндеттердің қатарында заңның үстемдігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, бизнесті дамыту, мемлекеттік және жекелей серіктестік бар. Жылдан жылға көңіл бөлініп келген бұл міндеттер әлі де болса толық қарастыруды қажет ететіні айқын.
Ал, екінші деңгейдегі банк жүйесінің қаржылық жағдайын ретке келтіру, оған жауапты басшылардың жауапкершілігін арттыру сынды міндет қор нарығын дамытуды қамтамасыз етуге жүктелген. Бұдан бөлек, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында заманауи технологияны қолдану, көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту мақсаттары қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.

Комментарии закрыты.