Маңызды құжатқа үн қосты

№ 7 жалпы орта білім беретін мектебі ұжымы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын талдады.

«Бүгінде әлем Төртінші революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді» деп басталатын Жолдаудағы негізгі ережелерді түсіндіру мақсатында тарих пәнінің мұғалімі Гүлнұр Шадиева сұхбат жүргізді. Г.Шадиева өз сөзінде жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екені жайлы Президенттің алға қойған 10 міндеттерін атап, жеке-жеке тоқталып, 2018 жыл елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы жыл екенін түсіндіру жұмысын жүргізді.
Келесі кезекте сөз алған мектеп басшысы Б.Шукенова Елбасы Жолдауының «жетінші міндетінде» білім берудің жаңа сапасы туралы пункттерге бөлініп көрсетілген түрлерімен таныстырып, қандай өзгерістер мен жаңашылдықтар күтіп тұрғанын баян етті.
Жиын соңында мектеп басшысы Елбасы Жолдауында атап өткен міндеттерді орындау мемлекеттің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын айтып, ұжымды Елбасы Жолдауына қолдау болуға шақырды.

С.Бекетова,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.