Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға болады?

Сіз отбасы бюджетін жоспарлап үйренгіңіз келеді, бірақ, неден бастарыңызды білмей жүрсіз? Дәптер жүргізу, Excel-де файл ашу, онлайн сервис, я болмаса арнайы программа жүктеу сияқты заманауи үлгілерді де қолданғыңыз келеді, бірақ, қайсысын таңдарыңызды  және сізге қайсысы жарарын шеше алмай жүрсіз? Онда мына кеңестерге құлақ асып көріңіз. Ең бастысы, қай жүйені ұстансаңыз да оны бүге-шігесіне дейін зерделеңіз. Ол үшін алдымен қарапайымдарынан бастап, соңғы технология жаңалықтарымен танысып алыңыз.

Үш оңай методика

Алдымен, шапшаң әрі артық шығынсыз отбасы бюджетін ойластыратын қарапайым 3 методикадан бастайық.
Мүмкін, кейінірек сізге көп бөлшектер мен мүмкіндіктерді талдау үшін, өз бюджетініңізді дұрыс бағалау үшін неғұрлым дамыған құралдарға көшу керек болар немесе осы қарапайым схемалардың негізінде неғұрлым күрделі,  өзіңізге қолайлы, Сіздің қаржылық жағдайыңызға лайық схемаға көшуіңізге болады.
Айтпақшы, осы схемалардың авторлары әрбір алынған табыстың 20 процентін сақтап қалуды бірауыздан ұсынып отыр.Сондықтан, бұл неғұрлым ерте  қаржылық әдетке айналса, соғұрлым жақсы. Тағы бір айтып өтетін жайт, бұл схемалардың жалпы  мақсаты: отбасының міндетті (қажетті, маңызды) шығындарының  үлесін азайту. Бұл өз кезегінде отбасының өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Сонымен, ақша қиындықтарын шешудің оңай, әрі тиімді жолдары:
1-қадам. Кредиттік карталардың көзін жойыңыз (қарыздар мен кредиттерден арылыңыз)
2-қадам. Әр табыстың 20 процентін сақтаңыз немесе пайдалы іске салыңыз. Бірақ, жұмсап жібермеңіз!
3-қадам. Қалған 80 процентті өз игілігіңізге жұмсап, қалағандай өмір сүріңіз.
Оңай, солай емес пе? Тек есіңізде болсын, алдымен  20 процентті қалдырып, содан кейін ғана жұмсаймыз. Әйтпесе, айдың аяғында кейінге қалдыруға болатын ақша мүлдем жоқ болуы мүмкін. Айтпақшы, егер 20 процентті қалтыру мүмкін емес болса, 10 немесе тіпті 5 процент қалдырып отырыңыз. Бұл бастапқы жинақ қорын (отбасының резервтік қорын) қалыптастыру үшін қажет. Бұл әдісті  күшейту үшін, айдың соңында қалған қаражатты да резервтік қорға қосуға болады.
Қаржылық табысқа қол жеткізу үшін, қаржыңыздың теңестірілген түрдегі үш қосымшасының  басын тең ұстау қажет. Сондықтан, сізге жалпы табысты  үш бөлікке бөлуді ұсынып отырмыз:
50 процентті қажетті заттарға жұмсау (азық-түлік, жалға алу, көлік, сақтандыру, негізгі киім және т. б.)
30 процентті қалаған заттарға жұмсау (кабельді теледидар, сәнді киім-кешек, әшекейлер, мейрамханадағы отырыс, билеттер, театр, кітап, хобби және т. б.)
20 процентті арнайы жинаққа қою (соның ішінде қарыздарды өтеу).
Осылайша, сіз бір мезгілде  үлкен соманы үнемдеп, жолай қарыздардан арылып және өз қалауыңызша өмір сүресіз. Себебі, 30% кіріс ойын-сауық пен сіздің қалауыңызға арналған. Кірістер мен шығыстарды есептей келе, сіздің отбасыңыз бұл схемаға оңай кірісіп кетуі  керек. Немесе бұл схеманы жетуге тырысатын идеал ретінде қарастырыңыз.

Бюджетті жоспарлау

Жоспарлауды отбасылық бюджеттен бастауды шештіңіз бе? Олай болса, бір-екі  пайдалы кеңестің артығы болмайды.
1. Бұны неге бастағаныңыз әрдайым есіңізде болсын. Мұны біреу айтқаннан, я болмаса, осылай істеу қажет деп орындамаңыз. Өзіңіз үшін себебін түсініп алыңыз. Мысалы, “табысым шығынымнан артық болуын қалаймын” немесе “шығынымды 10 процентке дейін қысқартуым қажет” деген басты мақсатыңыз болсын.
2. Нақты, қол жеткізуге болатын мақсат қоя біліңіз. Мысалы, “ремонтқа 150 мың теңге жинақтауым қажет”
3. Отбасы бюджетіне сенімді болу үшін нақты кірістер мен шығындарды есептеңіз.
4. Жинақ шотын ашып, ақша жинақтай бастаңыз. Ең оңтайлысы, қолма-қол ақша алу мүмкіндігі жоқ  депозитті қолданыңыз.  Резервтік қорды қалыптастыра беріңіз.
5. Өз-өзіңізге «Супермен боламын» деп уәде бермеңіз. Отбасылық бюджетті бір айда қалпына келтіремін деп қиялға беріліп кетпеңіз. Ақырын ғана бастап, шағын әрекет етіңіз.
6. Мүмкіндігінше, өзгелердің қолдауына ие болыңыз. Немесе бюджетті ойластыруды досыңызбен, құрбыңызбен бастаңыз.
7. Бюджетті қайта қарауға қорықпаңыз. Оңтайлы жол іздестіріңіз!
8. Қолжетімді мақсат қоя біліңіз. Әр бастама үлкен іске әкелетінін ұмытпаңыз!

Комментарии закрыты.