Сот жылды қорытты

Сәтбаев қалалық сотында 2017 жылы қаралған әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істердің қорытындысын талқылау мақсатында баспасөз конференциясы өткізілді. Отырысқа қалалық соттың төрағасы Ерлан Сексен, сот қызметкерлері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынды ашып, жүргізген төраға сот әділдігін жүзеге асыру барысында өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
– Былтырғы жылдың 12 айында Сәтбаев қалалық сотына 315 тұлғаға қатысты 282 қылмыстық іс түсіп, 312 тұлғаға қатысты 280 істің өндірісі аяқталған. Сондай-ақ, 85 тұлғаға қатысты 74 іс тоқтатылды, олардың 39-ы медиация тәртібімен қаралды. Өткен жылы 35 тұлға бас бостандығынан айырылды, 20 тұлғаға айыппұл тағылды, шартты жазалау шарасына – 17, қоғамдық жұмыстарға – 50, бостандықты шектеуге – 74 тұлға сотталып, 4 тұлға амнистия бойынша жазадан босатылды. Былтырғы жылдың есептік мерзімінде үкімдердің орындалуына байланысты 292 материал қарауға түсті, – деді төраға Ерлан Серікұлы.

Азаматтық істерді қарау жөніндегі мағлұматқа сәйкес, былтырғы жылы қалалық соттың өндірісінде әр түрлі санаттағы 5135 іс болды. Олардың ішінде 3023 сот үкімдері, 1758 азаматтық іс қозғалып, 4730 істің өндірісі аяқталды.

Әкімшілік істер бойынша қалалық сотқа 1103 іс түсті және тағы 3 іс өткен жылдың қалдығы. Сотпен барлығы 1086 іс қаралып, оның ішінде 980 іске әкімшілік жаза қолданылды, 9 іс қайтарылды. 381 тұлғаға әкімшілік айыппұл, 212 тұлғаға көлік құралын басқаруға тыйым салу, 335 тұлғаны әкімшілік қамауға алуға үкім шығарылып, 30 тұлғаға ескерту жасалды.

Сонымен қатар, жиын барысында төраға Ерлан Сексен сот жүйесіне қатысты Заңнамаларға биылғы жылдан бастап енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар жайында айтып, олардың қаламызда жүзеге асырылу барысымен таныстырды.
Конференция соңында төраға баспасөз өкілдеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да бірлесіп қызмет жасауға шақырды.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.