Спидвейден әлем чемпионаты өтеді

Қазақ елінің астанасында алғаш рет мұздағы мотожарыс спорт түрінен сайыс өтеді, бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің сайты хабарлайды. 3-4 ақпан күндері Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында жарыстың 2018 жылғы алғашқы финалдық жарыстары өтеді.

Қалған финалдық кездесулер дәстүр бойынша Ресейде, Голландияда және Германияда өтеді. Халықаралық мотоцикл федерациясының (FIM) арнайы комиссиясы жекелей әлем чемпионатының финалына арналған аренаны және барлық қажетті инфрақұрылымды тексерді. Комиссия жетекшісі дайындық деңгейі FIM талабына сәйкес екенін және федерация өкілдері осы кезеңде қазақстандық ұйымдастырушылардың жұмысына қанағаттанғанын атап өтті.
Қазақстандық ұйымдастырушылар Астанада өтетін мұз гладиаторларының жарыстарына көрермендердің үлкен қызығушылығы болатынын айтып отыр.

Әлем чемпионатының командалық есебі 2018 жылы Ресейдің Шадринск қаласында өтеді.

Комментарии закрыты.