Футзалдан Қазақстан Чемпионаты өтеді

Ақпанның 9-ы мен 11-і аралығында Қарағандыда алғаш рет әуесқой командалар арасында Қазақстандық футбол сүйерлер лигасының қорғауымен ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Турнирдің матчтары «Аманат арена» жаңа спорт орталығында болады.

Чемпионаттың салтанатты ашылуы 9-шы ақпан 14.00-де, біріншіліктің алғашқы күнінде, ойындар аралығындағы үзіліс кезінде өтеді деп жоспарланып отыр. Шара Пхёнчхандағы Қысқы Олимпиаданың басталуына орайластырылған.
Қазақстандық футбол сүйерлер лигасы 2012-ші жылдың наурызында құрылған Еуропалық мини-футбол Федерациясының (EMF) мүшесі болып табылады. Ол Әлемдік мини-футбол Федерациясының, әлемдік футболдың басқару органының алты континенталдық конфедерециясының бірі. EMF бас басқармасы Бирмингемде (Англия) орналасқан.
Әуесқой, жаппай спортты дамытудың маңыздылығын ескере отырып, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқарамасы мен «Қазақстандық футбол сүйерлер лигасы» ҚҰ арасында өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Комментарии закрыты.