Патриоттық тәрбие

Жалпы орта білім беретін №3 мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ерлік – ұрпаққа үлгі» атты кездесу кеші өтті.

Кешті кітапхана меңгерушісі Г.Байгенжина, бастауыш сынып мұғалімі Г.Қорғанбаева ұйымдастырды. Кешке қонақ ретінде шақырылған Ауған соғысы ардагерлері: Е.Джанкельдиев, Н.Тилеуов, Т.Байжанов, Д.Наурызбаев және мектеп оқушылары қатысты. Соғыс куәгерлері Ауған соғысы жайында слайдтар, «Ауған асуында от кешкендер» сурет көрмесін тамашалады. Ауған соғысы ардагерлері сол кездерден естелік айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде оқушылар да өлеңдерін оқып, ән шашу жасады. Кеш соңында ардагерлермен естелік суретке түсті.
Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.