Қуана білу, қуанта білу де – БАҚЫТ

Оқушылардың бір-біріне жылылық сыйлауы, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту, қарым-қатынасқа тәрбиелеу, өмірдің мәнін, құндылығын түсіндіру мақсатында Абай атындағы №4 мектеп-лицейде іс-шара ұйымдастырылды.

Мектеп психологы К.Нұрғалиева бастауыш сыныптар арасында «Қуана білу, қуанта білу де – БАҚЫТ» тақырыбында сурет көрмесін, 5-7 сыныптар арасында – фотоколлаж, 8-11 сыныптар арасында тренинг жаттығу жұмыстарын жүргізді. Оқушылары өз қиялдарынан сурет салып, жүлделі орындармен марапатталды. Іс-шараға белсене қатысқан оқушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Т.Примова,
бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.