«ҚАМҚОРЛЫҚ» АКЦИЯСЫ – қайырымдылықтың кредосы

Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – адамның адами парызы.

Осындай мақсатта қаламыздағы №19 жалпы орта білім беретін мектепте 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Республикалық «Қамқорлық» акциясы болып өтті. Бұл акцияға мектептегі әр сыныптың ата-аналарының барлығы дерлік атсалысты. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау екендігін терең түсінген әрбір сыныптың ата-аналары бірауыздан бірігіп, мектептегі қамқорлыққа алынған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушыларға оқу-құралдарымен, киім-кешектермен, азық-түлікпен көмек көрсетуге жұмыла кірісті.
Оның ішінде жеке өз атынан балаларға қолұшын берген ата-аналар да бар. Мектебіміздің түлегі әрі жеке кәсіпкер, жомарт жандардың бірі А.Молдагулов 48000 теңге көлемінде жеті жаңа аяқ киімдер алып берсе, ата-аналар Д.Алмахов екі оқушыға 20000 теңге көлеміндегі қаржыға, В.Балмұқан 5000 теңге көлеміндегі қаражатқа бір оқушыға киім алып берді.

А.Мизамбаева,
№19 мектептің ұстаз-ұйымдастырушысы.

Комментарии закрыты.