Жаңа әліпби сырттағы қазақтарды да қуантты

Мемлекет басшысының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын алыс және жақын шетелдердегі диаспора өкілдері де қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Еуропаға танымал қазақ дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Жәдік Шенолдың айтуынша, Қазақстанның мұндай қадамы сырттағы қандастарға да үлкен көмек болғалы тұр.
– Болашақта латын графикасы енгізілсе, сол бүкіл елімізге, елімізден сыртта жүрген диаспораға да өте үлкен көмек, оңай болады. Мысалы, осындағы диаспора да Қазақстанда болып жатқан жағдайлардан хабар болуы керек, сондай сұраныс бар. Өзіміздің тарихымызды оқуымыз керек. Тарихымызды қазір оқиық десек, сол Қазақстаннан кітап жіберсе, жазбаша деректердің барлығы кириллица. Соның бәрін осындағы ағайындар түсіне алмайды. Олар түсіну үшін латын қарпі болса, өте оңай және керемет болатын еді, – дейді қандасымыз.

Комментарии закрыты.