Астананың құрдастарына арналды

Ерке Есілдің жағасында бой көтерген Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай Жезді мәдени-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен қызықты кеші өтті. Іс-шараның өтуіне орталықтың көркемдік жетекші Алма Сарықызы мұрындық болды.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «20 жылға – 20 жұдызды іс-шара» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Күн дидарлы Астана» атты кездесу кешіне қонақ болып келген Жезді кенті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Төрегелдин іс-шараға қатысып отырған жастарға Астана қаласының архитектуралық ерекшеліктері жайлы қызықты әңгімелер айтса, «Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы» музейінің директоры З.Қазанбаева бүгінгі іс-шараның негізгі қонақтары – Астана қаласының құрдастарына осы мерейді мақтан етіп жүріңіздер деген ақылын айтты.

Кент әкімдігінің жетекші маманы Қ.Әлсейт дамыған өзге елдердің қатарына кіру үшін жан-жақты білім алу керектігін жастарға айтып түсіндірсе, жастармен жұмыс жасау инспекторы А.Жакенова біздің мемлекетімізде жақсы білім алуға, демалуға барлық мүмкіндіктер жасалғанын әңгімелеп берді.
Кештің куәгерлері – 1998 жылы дүниеге келген Астана қаласының құрдастары – Б.Қуаныш, А.Нұрсұлтан және С.Шаяхмет өздерінің алға қойған мақсаттарымен бөлісті.
Кездесу кешінде Астана жайлы өлеңдер оқылып, әуезді әндер шырқалды. Жүргізуші Алма Сарықызы келген қонақтармға қызықты ойындар ойнатып, мәдени-сауықтыру орталығының атынан сыйлықтар табыстады.

Ғалия Жеңсікбаева,
Жезді кенті Мәдени-сауықтыру орталығының жасөспірімдер мен іс-шара ұйымдастырушысы.

Комментарии закрыты.