Мәжбүрлеп қайтарудың тәртібі нақтыланды

Мемлекет қажеттілігі үшін жер телімін қайтарудың алдында мүлік иесіне оның нарықтағы құны немесе басқа жер телімі беріледі. Бұл туралы Мәжілістегі жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға қатысты түзетулер қамтылған. Атап айтқанда, жер учаскелерін мемлекет қажеттігіне мәжбүрлеп алуға оның нарықтық баға құнымен немесе басқа да жер телімін беру шарты сақталған кезде ғана жол беру ұсынылып отыр»,  — деді Бекетаев. Талқылаулардан кейін палата депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.  Заң жобасы аясында 16 заңнамалық актіге, оның ішінде 8 кодекске түзетулер қарастырылады. Жалпы алғанда, заң жобасы меншік иелерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған түзетулердің бес тобын қамтиды.

Комментарии закрыты.