«Толағай-2018»

Сәтбаев қаласындағы №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасының «Гүлдер» ересектер тобында ұлым Әлібек Айтқожаев тәрбиеленіп жүр. Айтайын дегенім, балабақшада бала тәрбиесімен қатар балалардың денсаулығына, біліміне аса үлкен мән беріліп, түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Соның біріне өзіміз қатысып, куә болдық. Ол – «Толағай – 2018» атты отбасылық сайыс. Оны балабақшаның денешынықтыру нұсқаушысы Меруерт Ашықбай ұйымдастырды.
Бір ерекшелігі – аталмыш сайыс аулада өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрып, әр кезең өте қызықты болды. Сайысқа қатысқан отағасым Ануар ерекше сезімге бөленді. Жалпы, мұндай отбасылық шаралар бір жағынан балалардың сергуіне ықпал етсе, екінші жағынан әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізеді. Балабақшада ата-аналармен бірігіп өткізілетін осындай сайыстардың, ойындардың көп болғаны жақсы.

Лаура Мухамбетжанова, ата- ана.

Комментарии закрыты.