«Мысты өңірде» – жаңа редактор

Аймағымыздағы ақпарат айдынында қатар жүзіп келе жатқан аймақтық «Мысты өңір» газетінің редакторы болып Бағдат Қазкенов тағайындалды.

Ө.Байқоңыров атындағы университеттің филология факультетін тәмамдаған Бағдат Айтөреұлы өзінің журналистік еңбек жолын Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінде бастады. Осы басылымда жеті жылға жуық тәжірибе жинақтаған ол журналистер арасындағы қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар алды. 20016 жылы Бағдат Қазкенов «Мысты өңір» газетіне ауысқан болатын. Араға екі жыл салып аймақтық басылымның бұйдасын қолына алды.

«Шарайнаның» шекпенінен шыққан әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтап, еңбегіне сәттілік тілейміз.

Комментарии закрыты.