Сахна саңлақтары сараланды

Халықаралық театр күні қарсаңында Мәдениет және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының және Қазақстан театрлар Ассоциациясының қолдауымен «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығының жеңімпаздары құрметке бөленді.

Осымен екінші рет Алматы қаласында өткізілген өнер бәйгесінде тек театр таланттары ғана емес, опера, балет, өнертану саласы жүйріктерінің еңбегі сараланды. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, ҚР «Құрмет» орденінің иегері Райхан Ибраева аталған сыйлықтың «Сахналық ғұмыр» номинациясына қоса 500 мың теңге еншілесе, талантты жастар қатарындағы Гүлдер Әлиева «Үміт» номинациясына лайық деп табылып, 200 мың теңге сыйақыны қанжығасына байлап қайтты.
Өмірін өнерге арнаған жерлестерімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

М.Алпысбай.

Комментарии закрыты.