Бәсекенің бастауы – бес бағыт

Елбасымыздың жыл сайын еліміз үшін тың бастамаларды халыққа жолдап отыратыны ерекше үрдіске айналған, одан біз еліміздің қарқынды даму жолын анық аңғарамыз.

Сондай кезекті бастамасының бірі – әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған бес бастамасы. Еліміз үшін өзекті, әлеуметтік салаға жаңа серпін беретін шараларды іске асыруды міндеттеуі көптен күткен, бәріміздің ойымыздан шыққан тың бастама болды деп ойлаймын. Әрине, бұл үндеуде Елбасының халқына ұсынған президенттік әрі перзенттік сыйы жатыр. Аталған бастамалардың әрқайсы бүгінгі таңда халықтың көкейінде жүрген ең маңызды мәселелерді қамтиды. Президентіміз оны іске асыру үшін ел экономикасының толық мүмкіндігі бар екенін де атап өтті. Мен биыл 11 сыныпты аяқтаймын. Арман куып қалаған жоғары оқу орнына түспекпін. Маған Елбасымыздың «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» деген бастамасы қатты үнады. Студент жастар жатақханамен қамтылса өзекті мәселенің оң шешілуі бола бермек. Тағы бір сөзінде білім гранттарының 20 000-ға көбеюі – оқуға ынталы жастардың көңілін бір демеп, көкке көтерді. Білім алуға қолжетімділіктті арттыру бағытында ел үшін өте жағымды жаңалық. Менің бойымда сол бір гранттың иегері болсам деген үміт алаулап жанды. Ұлт көшбасшысы берекелі бірлігіміз болса, берекелі тірлігіміз болатынын айтты. Рас.

Ж. Бөлекбаева,
№1 ЖОББМ оқушысы.

Комментарии закрыты.